Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОТАНДАСТАРЫМЫЗ НЕГІЗГІ ҚАЖЫЛЫҚ РӘСІМДЕРІН ОРЫНДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.06.2023 2386 0 пікір
ОТАНДАСТАРЫМЫЗ НЕГІЗГІ ҚАЖЫЛЫҚ РӘСІМДЕРІН ОРЫНДАДЫ (ФОТО)

Мекке қаласында ұлы сапарда жүрген жерлестеріміз Исламдағы бес парыздың бірі болған қажылықтың негізгі рәсімдерін орындады. Мина жазығына жиналған қазақстандық қажылар бүгін шайтанға тас лақтыру рәсімін аяқтайды.

Санаулы күндерден кейін жерлестеріміздің алғашқы легі Отанымызға орала бастайды. Қалған бөлігі қасиетті Мәдина қаласындағы Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітін зиярат етеді.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қажылық миссиясы уағыз-насихат, пәтуа беру, алғашқы дәрігерлік көмек, ұйымдастыру, ақпарат тарату бағыттары бойынша қажыларға қызмет етуде. Миссия жанынан ашылған алғашқы медициналық көмек көрсету орталығы тәулік бойы жұмыс істеуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру