Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МИНИСТР ҚМДБ ТӨРАҒАСЫН ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

muftyat.kz 28.06.2023 1530 0 пікір
МИНИСТР ҚМДБ ТӨРАҒАСЫН ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, хат жолдады.

«Құрбан айт – еліміздің тұрғындарын шексіз ізгілік пен адамгершілікке, рухани тазару мен кемелденуге, сондай-ақ қайырымды жақсы амалдар жасауға үндеп, қанағат пен сабырлыққа шақырады. Қазақстандағы дәстүрлі исламның орны мен рөлі еліміз бен әлемдегі дәстүрлі рухани құндылықтар мен гуманизмнің шынайы негіздерін нығайтуға ықпал етіп келеді.

Айт мейрамы еліміздегі түрлі дін өкілдері арасында өзара түсіністік пен сыйластықты арттырып, халқымыздың бірлігі мен татулығын күшейтеді. Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт елімізге тек қуаныш пен жақсылық әкелсін» делінген министрдің құттықтау хатында.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру