Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚҰРБАН АЙТ-2023: АЛМАТЫДА 14 ОРЫНДА ҚҰРБАН ШАЛЫНАДЫ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 27.06.2023 1898 0 пікір
ҚҰРБАН АЙТ-2023: АЛМАТЫДА 14 ОРЫНДА ҚҰРБАН ШАЛЫНАДЫ

Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан өңірлік Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

Биылғы Құрбан айт жоспарымен бөліскен қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы құрбандыққа шалынатын малдарды сату, сою және таратуға рұқсат етілген арнайы 14 орын бекітілгенін жеткізді.

Алматы қаласының аумағында құрбандық шалынатын орындардың тізімі:

Алатау ауданы бойынша:

1. «Мырзахмет» мешіті - «Қарасу» ы/а, Солтүстік айналым к-сі,15 үй

2. «Алғабас» мешіті - Алғабас ы/а, Ақбөпе к-сі, 6

3. «Әскер ата» мешіті - Әйгерім-1 ы/а, Бенберин к-сі, 18/4

Бостандық ауданы бойынша:

1. «Бақыткелді» мешіті - Хан-Тәңірі ы/а, Дулати к-сі, 27/11

Медеу ауданы бойынша: 

1. Алматы Орталық мешіті - Пушкин к-сі, 16

2. «Умар ибн аль-Хаттаб» мешіті - Жуков к-сі, 136 а

3. «Аманқұл ата» мешіті - Т. Бигелдинов к-сі, 5

4. «Фатима» мешіті - Малая к-сі, 14

5. «Райымбек батыр» мешіті - Думан-1 ы/а, Хан Тәңірі к-сі, 1

6. «Арафат» мешіті - Иврагимова к-сі, 5 а

Наурызбай ауданы: 

1. «Қалқаман-2» мешіті - Қалқаман-2 ы/а, Аспандиярова к-сі, 84

Түрксіб ауданы бойынша: 

1. «Қайрат» мешіті - Қайрат ы/а, Сарымулдаев к-сі, 22

Жетісу ауданы бойынша: 

1. «Вайнах» мешіті - Айтықова к-сі, 5

Алматы қаласының аумағында құрбандық малы сатылатын орын: 

1. «Кіші Мөңке би» көшесі

Мөңке би көшесінің Ф. Оңғарсынова мен Б. Момышұлы көшелерінің аралығындағы бөлігі. 

Брифингке қатысқан спикерлер Бостандық ауданы «Бәйкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев, Орталық мешіттің наиб имамы Руслан Қайыргелді онлайн түрде тапсырыс берушілер үшін «qurban2023.kz» сайты қайта іске қосылғанын жеткізді. Құрбандық етін алуға өтініштер осы «qurban2023.kz» сайты арқылы қабылданады.  

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру