Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНАДАҒЫ ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛЫНАТЫН ОРЫНДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 26.06.2023 2301 0 пікір
АСТАНАДАҒЫ ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛЫНАТЫН ОРЫНДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылық құрамы Астана қаласындағы құрбандық шалынатын орындарды арнайы аралап, дайындық жұмыстарымен танысты.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, «Зекет және қайырымдылық» қоры директоры Мақсатбек Қайырғалиев, «Халал Даму» директоры Айбек Аташев, Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов пен елорда бас имамы Ерболат Жүсіпов базардағы дайындық жұмыстарын пысықтап, «Раббың үшін Құрбан шал!» акциясы аясында атқарылатын жұмыс жоспарын талқылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайты арқылы тапсырыс берген адамдардың құрбандықтары жайлы видео мәлімет, мұқтаж жандарға жеткізу мәселелері нақтыланып, құрбан шалу рәсімі егжей-тегжейлі пысықталды.

Тексеру тобы базардағы мал сатушылармен де жүздесіп, қасиетті Құрбан айт мерекесінің маңызын түсіндірді. Айт күндері бағаны шарықтатып, ұлық мерекенің қадірін түсірмеуге шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру