Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МИССИЯ МҮШЕЛЕРІНЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ (ФОТО)

Пресс-служба ДУМК muftyat.kz 24.06.2023 1720 0 пікір
БАС МҮФТИ МИССИЯ МҮШЕЛЕРІНЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мекке қаласында Қажылық миссия мүшелерімен кездесіп, үлкен қажылыққа дайындық жұмыстарын пысықтады.

Қажылық миссиясының төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар миссияның бес бағыт (уағыз-насихат, алғашқы медициналық көмек, ұйымдастыру-үйлестіру, пәтуа беру, ақпарат тарату) бойынша атқарып келе жатқан жұмыстары жайлы Бас мүфтиге баяндады.

«Қажыларға қызмет ету – сауапты әрі жауапты міндет. Әр азамат өзіне жүктелген міндеттерді ыждағатпен орындап, қажыларымыздың алғысын алуға тырысуы тиіс. Ең бастысы, отандастарымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, қажылық рәсімдерін шариғат талаптарына сай орындауына мән беруіміз керек. Алла Тағала өзімізге жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып шығуға күш-жігер нәсіп етсін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосу соңында Бас мүфти миссия мүшелеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру