Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған сапарында Түлкібас ауданында жаңа мешіттің қазығын қақты.
Салтанатты ізгі іс-шарада ҚМДБ Төрағасы: «Мешіт – күллі жақсылықтардың тоғысқан мейірімділік мекені. Адам баласы мешіттен рухани күш алып қана қоймай, білім алады. Мұқтаж жанға көмектесіп, оның алғысына бөленеді. Осылайша қоғамда бауырластық, мейірім сынды адамдық қасиеттер салтанат құрады. Алла Тағала баршамызды осы мешіттің ашылуында жүздесуді жазғай. Жаратушы Иеміз осы мешітті халықтың игілігі мен бірлігіне қызмет етуін нәсіп еткей. Осы ретте құлшылық үйін тұрғызуға бастамашыл болып отырған азаматтарға айрықша алғысымды жеткіземін. Алла разы болсын!» – деді.
Айта кетсек, Түлкібас ауданының орталығы Тұрар Рысқұлов ауылында бой көтеретін мешіт сыйымдылығы 3000 адамды құрайды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру