Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ СИНГАПУР ПРЕЗИДЕНТІНЕ БАС МЕШІТ ЖҰМЫСЫН ТАНЫСТЫРДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.05.2023 2410 0 пікір
БАС МҮФТИ СИНГАПУР ПРЕЗИДЕНТІНЕ БАС МЕШІТ ЖҰМЫСЫН ТАНЫСТЫРДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы Бас мешітте елімізге мемлекеттік сапармен келген Сингапур президенті Халима Якобпен кездесіп, құлшылық ордасының жұмысын таныстырды.

Бас мүфти президентке Бас мешіттің өзге құлшылық үйлерден ерекшелігі жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, жамағаттың рухани сұранысын қанағаттандыру, Ислам дінін заманауи тәсілмен насихаттау, жамағат арасында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз етті.

Осыдан кейін ҚМДБ Төрағасы мен Сингапур президенті Бас мешітте ашылған мұражайды аралады. Бас мүфти қазақ топырағында бой көтерген тарихи мешіттер жайлы мәлімет берді. Мәртебелі мейман мешіттің туристік мұнарасына көтеріліп, биіктен қаланың тыныс-тіршілігін тамашалады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру