Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚАРАҒАНДЫДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.04.2023 2500 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚАРАҒАНДЫДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына барған сапарында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлына жаңа мешіт құрылысын жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді. Бас мүфти мешіт құрылысына көмектесіп жатқан демеуші азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.

Айта кетсек, Қарағанды қаласындағы 2000 адамға арналған құлшылық үйінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру