Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына барған сапарында «Әнет баба» мешітінде 10 жылға жуық қызмет еткен Құрманғазы Дүйсенбекұлына пәтер кілтін табыстады.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында жомарт жандардың көмегімен берілген 660-баспана кілтін табыстау рәсімінде Бас мүфти: «Расында мешітте қызмет ету – ұлы іс. Алла Тағала мешітте қызмет еткен әрбір күніңізге мол сауаптан жазғай. Үйіңіздің іші жанға, сырты малға толсын. Жаратқан жанұяңызға жар болсын» деді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
27.04.2023
4403
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру