Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ОРАЗАДАҒЫ СОҢҒЫ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.04.2023 1807 0 пікір
БАС МҮФТИ ОРАЗАДАҒЫ СОҢҒЫ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Республикалық бас мешітте өткен Рамазан айындағы соңғы тарауық намазына қатысты.

Бас мүфти келер жылғы Рамазанға дейін мұсылман үмбеті сағына күтетін ерекше намаз және берекелі ай жөнінде насихат айтып, жамағатты алдағы ораза айтпен құттықтады.

«Қош бол, Рамазан» деп жатырмыз. Бұл жай сөздер емес, жүректен, көз жасына ерік бере айтылар сөз. Ата-бабаларымыз, сахабалар солай істеген. Біз де Рамазанның өтіп бара жатқанын, келер жылға дейін қайта келмейтінін ойласақ, көңіліміз босайды. Өйткені біз Рамазанды жақсы көреміз, оны сағынамыз. Сол сүйікті Рамазанымыз бізден кетіп бара жатыр. Қайта айналып келгенше баршамыз аман болайық» деді ҚМДБ Төрағасы.

Намаздан кейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел игілігі мен амандығы үшін ізгі тілегін жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру