Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«MUNARA TV» ҚАДІР ТҮНІНДЕ 5 САҒАТ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ҰСЫНДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.04.2023 1944 0 пікір
«MUNARA TV» ҚАДІР ТҮНІНДЕ 5 САҒАТ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ҰСЫНДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Munara TV» телеарнасы қасиетті Қадір түніне орай тікелей эфирде бес сағаттық бағдарлама ұсынды.

Тарауық намазынан бастау алған «Мың айдан да қайырлы Қадір түні» бағдарламасында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қадір түнінің ұлықтығы мен қасиеті жайында жамағатқа уағыз айтып, ізгі тілегін арнады. Бас мүфти қасиетті кеште елдің амандығы, бірлігі, тұтастығы мен тұрақтылығы үшін дұға етті. Одан ары құптан намазынан бастап таң намазына дейін «Munara TV» арнасы үзбей тікелей эфирде хабар таратты.

Орталық студияда ҚМДБ бөлім меңгерушілерінің қатысуымен «Рамазан – кешірім айы», «Қадір түнінің маңызы» тақырыптарында сұхбат ұсынылды. Қадір түнінің қасиеті жөнінде танымдық бейнероликтер көрсетілді. Арнайы бағдарлама эфиріне орталық студиядан бөлек, арнаның Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Павлодар және Қызылорда қалаларындағы тілшілері қосылып, өкілдіктердің бас имамдары арнайы сұхбат берді Сондай-ақ өңірдегі арна тілшілері әзірлеген бейнематериалдар телекөрермен назарына ұсынылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру