Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІНИ БАСҚАРМА ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.04.2023 1541 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМА ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған жергілікті жамағатқа арнайы ауызашар дастарқаны жайылды. Айтулы іс-шараға ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, батасын жасады.

«Сіздермен бір дастарқан басында, Қызылжар өңірінде ауыз ашып отырғаныма өте қуаныштымын. Біз бұған дейін Астана, Алматы, Түркістан қалаларында өздеріңіздей ел игілігі жолындағы азаматтарға ауызашар бердік. Бүгін міне өздеріңізбен дидарласу нәсіп болған екен. Аллаға шүкір. Асыл дінімізде ауызашар берудің сауабы өте мол.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да ешнәрсе кемімейді», – деген. Мінеки, бүгін сіздермен Рамазан айының ең қадірлі деп саналатын соңғы он күнінде бас қосып отырмыз. Бұл күндері ықыласымызды арттыра түсуіміз керек. Осы ауызашар дастарқанында отырған баршаңызға Алла жар болсын, жақсылық тілеймін» деді Бас мүфти.

Ауызашар кезінде жамағатқа ҚМДБ жұмысын баяндайтын бейнеролик ұсынылып, Рамазанның қасиеті жайында арнайы бейнесюжет көрсетілді. Ел ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар сөз сөйлеп, ықыласын жеткізсе, өнерпаз жігіттер жарапазан жырын айтты.

Бұған дейін бірнеше өңірде берілген ауызашар дастарқаны осылайша Петропавл қаласында қорытындыланды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру