Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАНДА МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.04.2023 1640 0 пікір
БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАНДА МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында Қожа Ахмет Ясауи мешітінде жамағатқа насихат айтты.

«Ораза – мұсылмандарды бауырластыратын құлшылық. Ораза ұстаған адам аштықты сезініп, кедей-кепшіктердің жағдайына, яғни олардың күйіне енеді. Осының нәтижесінде мұсылмандар арасында мейірімділік, бауырмалдық сынды қасиеттер көрініс табады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады» деген. Алла Тағала сіз бен біздің бауырмалдығымызды бекем еткей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру