Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ НҰР-МҮБАРАК СТУДЕНТТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі nmu.kz 06.04.2023 1625 0 пікір
БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ НҰР-МҮБАРАК СТУДЕНТТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл Алматыда Нұр-Мүбарак университетінің студенттерімен жүздесті.

Сөзінің басында Хасан Ташайұлы болашақ дін қызметкерлеріне шариғат ілімдерін жақсы меңгеру қажеттілігін және білім алу жолында табанды да тұрақты болудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ кездесуде жат ағымдар мен жамағаттар, Қазақстандағы қазіргі діни ахуал және діни оңалту жұмысының барысы назардан тыс қалмады.

Құрметті ұстаз студенттерге жат діни идеологияның зияны мен зардабын түсіндере келе, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жат діни ағымдардан сақтандыру бағыты бойынша атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.

Осылайша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында үздіксіз қызмет етіп келе жатқан мәртебелі мейманның жастарға өзінің діни қызметтік тәжірибесімен де бөлісті, болашақ түлектердің көкейлеріндегі сауалдарына тұшымды жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру