Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің және Қонаев қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы және осы шаһардың Құрметті азаматы Амангелді Беспаевпен кездесті.
Жүздесу барысында ҚМДБ жанынан құрылған Ақсақалдар кеңесінің атқарған жұмыстары сөз болды. Амангелді ақсақал Бас мүфтиге 2022 жылы Қонаев қаласында өткен республикалық Ақсақалдар форумында айтылған бастамалардың облыс көлемінде ойдағыдай іске асып жатқанын баяндады.
Сондай-ақ «Ислам және ізгі қоғам» жылына жоспарланған ауқымды іс-шаралар мен Ақсақалдар кеңесінің жұмысын жетілдіру жөнінде әңгіме өрбіді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
06.04.2023
3551
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру