Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕШІТТЕРДЕ 1 214 040 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 04.04.2023 2052 0 пікір
МЕШІТТЕРДЕ 1 214 040 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айы басталғалы бері мешіттерде он екі күн ішінде 1 214 040 адамға ауызашар берілді.

Астана, Алматы мен Шымкент қалалары, сондай-ақ облыс орталықтары мен аудан, ауыл-аймақтарда орналасқан 697 мешітте күнделікті 101 170 адамға ауызашар дастарқаны жайылуда.

Ауызашарға қарттар, балалар, мүгедектер үйінен келген жандар, сонымен қатар көпбалалы ата-аналар, жалпы көмекке мұқтаж азаматтар қатысуда.

Айта кетейік, аталмыш мешіттерде Рамазан айының соңғы күніне дейін Алла Тағаладан сауабын үміт етіп ораза тұтқан ағайынға ауызашар беріледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру