Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «АЙТУЛЫ ШАРАЛАР-2023» ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.03.2023 2119 0 пікір
БАС МҮФТИ «АЙТУЛЫ ШАРАЛАР-2023» ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық аппаратының кезекті жиналысы өтті.

Жиында Бас мүфтидің дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарлық баяндамасына сәйкес «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында атқарылатын айтулы шаралардың жұмыс жоспары талқыланды. «Айтулы шаралар-2023» жылдық жұмыс жоспарына сәйкес атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде ҚМДБ Төрағасына наиб мүфтилер Ершат Ағыбайұлы, Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен Сансызбай Құрбанұлы, Бас мүфти кеңесшілері Кенжетай Байкемелұлы мен Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы баяндады.

«Өздеріңізге мәлім Төралқа мәжілісінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында 46 ауқымды іс-шара мен түрлі жобаларды бекіткен едік. Аллаға шүкір, солардың бірқатары өздеріңіздің, имамдарымыздың, жалпы дін қызметкерлерінің жүйелі жұмыс істеуінің арқасында жоспарға сай атқарылып келеді. Жыл соңына дейін ойға алған мақсатымыз толықтай орындалатынына толық сенімдемін. Хақ Тағала Рамазан айын баршамызға берекелі етіп, күш-қуат, денсаулық берсін, дін жолындағы қызметімізге мол сауаптан жазсын» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы алда атқарылатын айтулы шаралар бойынша бөлім меңгерушілерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру