Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШҚЫ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 23.03.2023 2576 0 пікір
ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШҚЫ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Кеше еліміздің барлық мешітінде биылғы Рамазан айының алғашқы тарауық намазы оқылды. ҚМДБ жанындағы Республикалық мешітте өткен тарауық намазына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

ҚМДБ Төрағасы жамағатты қасиетті айдың келуімен құттықтап, Алла Тағаладан елдің амандығы мен берекесін тіледі. Айлардың сұлтаны болған Рамазанның қадір-қасиетіне тоқталып, мүбәрак мерзімді ізгі амалдармен көркемдеуге шақырды.
Сондай-ақ, Бас мүфти Республикалық бас мешітте Құран хатым етіп, тарауық намазын өткізетін қариларды жамағатқа таныстырды. Елімізге белгілі қарилар – Бас мешіттің дін қызметкерлері Серік Ахметов, Мұртаза Балахмет және Ерболат Шаудырбай бір ай бойы тарауық намазын өткізбек.

Айта кетейік, еліміздің барлық мешітінде бүгіннен бастап ауызашарлар беріле бастайды және тарауық намазы жалғасады.

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру