Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ XXXVII МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.03.2023 2461 0 пікір
ҚМДБ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ XXXVII МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Бүгін Алматы қаласында Орталық мешітте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің XXXVII мәжілісі басталды.

Мәжіліс жұмысын ашқан ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Биылғы 2023 жылды өздеріңіздің қолдауларыңызбен «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жарияладық. Осы жыл аясында бірқатар игі жұмыстарымызды бастап кеттік. Игі істерімізге сіздер де үлес қосып келесіздер. Алла разы болсын. Халық тарапынан аукционға, тендерге қатысу үкімі, ұшыр нисабы мен шығынына қатысты үкім туралы сұрақтар келіп түсуде. Алла қаласа, бүгін осы мәселелерге қатысты әзірленген пәтуалардың мазмұны мен мәтінін талқылайтын боламыз. Сонымен қатар бірқатар құжат жобасын осы мәжілісте талқылап, бекітсек деген ойдамыз» деді.

Ғұламалар кеңесінде сонымен қатар ҚМДБ-ның рухани, діни, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы рөлі, ҚМДБ-ның 2023-2027 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасы, Республикалық және жергілікті ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне арналған құжаттардың жобалары талқылануда. Кеңес жұмысы ертең де жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру