Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МАКЕДОНИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 07.03.2023 1654 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МАКЕДОНИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Македония Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сали Лиманимен өз өтініші бойынша кездесті.

Кездесуде екі елдің достық қарым-қатынасы сөз болды. Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысы жайлы баяндап берді. Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият осы жылы күнделікті жұмыс барысында бес бағытқа (дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру) басымдық беріп отырғанын жеткізді.

Өз кезегінде Сали Лимани Діни басқарманың діни саладағы орны мен рөлі жайлы ойымен бөлісіп, игі бастамаларға тілеулестік ниетін білдірді. Сонымен қатар уақыт бөліп, арнайы қабылдаған Бас мүфтиге алғысын жеткізді.
Кездесу соңында тараптар ортақ жобаларды жүзеге асыруға келісті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру