Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН «ӨКІЛДІК САҒАТЫ» ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.03.2023 2559 0 пікір
БАС МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН «ӨКІЛДІК САҒАТЫ» ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Астанада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен «өкілдік сағаты» өтті.

Онлайн форматта өткен жиынға ҚМДБ қызметкерлері мен Абай облысының имамдары қатысты. Жиналысты ашқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өкілдік сағаты» жобасының басты мақсаты – облыс имамдарының өңірде атқарып жатқан жұмыстарымен жақын танысып, тиісті нұсқама, қажетті кеңес беру, сонымен қатар ҚМДБ қызметкерлері мен облыс имамдарының ортақ жұмыстарын жүйелі түрде үйлестіру. «Өкілдік сағаты» жобасы діни саладағы іс-шараларымызды сапалы әрі жоғары деңгейде ұйымдастыруға серпін береді деп сенемін» деді.

Жиналыс барысында Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Бас мүфтиге жыл басында бекітілген бес бағыт (дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру) бойынша атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Сонымен қатар бес бағытқа жауапты ҚМДБ бөлім меңгерушілері Абай облысының имамдарына жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Жиын соңында ҚМДБ Төрағасы мүфтият қызметкерлері мен Абай облысының имамдарына нақты тапсырмалар жүктеп, жыл басында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңызын атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру