Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ ЖАҢААРҚАЛЫҚ ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 04.03.2023 1709 0 пікір
БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ ЖАҢААРҚАЛЫҚ ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Смайыл Сейтбеков Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының орталық «Халық» мешітінде жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Смайыл Сүйерқұлұлы құптан намазынан кейін өткен уағызында діндар мұсылман болу маңызды екенін алға тартты. Жамағатты күнә атаулыдан мейлінше сақтануға шақыра келіп: «Ақырзаман жақындағанда иманды сақтау қолға ұстаған шоқ секілді болады. Соған қарамастан біздің мақсатымыз иманымызды сақтап қалу болуы керек», - деді Ғұламалар кеңесінің мүшесі.

Уағыз-насихат соңы сұрақ-жауапқа ұласып, мешіт жамағаты көкейінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру