Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАҒДАРЛЫҚ БАЯНДАМА АЯСЫНДА БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.03.2023 1907 0 пікір
БАҒДАРЛЫҚ БАЯНДАМА АЯСЫНДА БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарлық баяндамасында: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Біздің халық алдындағы басты міндетіміз – жұртымызды жақсылыққа үндеп, жамандықтан тосу, ізгі қоғам құруға қадам жасау. Осы жыл аясында қоғам игілігіне арналған бірқатар іс-шараларды атқару міндеті тұр» деп атап өткен болатын.

Бас мүфтидің бағдарлық баяндамасындағы тапсырмаларға сәйкес «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Жезқазған қаласында «Ұлытау облысының рухани дамуы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Үздік, тұрмыс жағдайы төмен 200 медресе шәкіртіне, 200 имамға, 132 медресе ұстазына жалақы беріле бастады. Қайырымдылық көмек көрсету ауқымын және сапасын арттыру мақсатында Астана қаласынан «Зекет және қайырымдылық» қорының арнайы қойма орталығы ашылды. Бекітілген медиа жоспар бойынша ҚМДБ бекіткен пәтуалар халыққа кеңінен насихатталуда. Осы бағытта жамағат арасында «Пәтуа сағаты» тұрақты түрде өтіп келеді. Өңірлерде жұмыс істеп келе жатқан әйел ұстаздардың жалақы мәселесін шешу қолға алынды.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру