Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА ЖАМАҒАТҚА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

Пресс-служба ДУМК muftyat.kz 25.02.2023 1803 0 пікір
БАС МҮФТИ СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА ЖАМАҒАТҚА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына барған сапарында Сәтбаев қаласындағы орталық мешітте жамағатпен жүздесіп, уағыз айтты.

Исламдағы ой тазалығы жайында насихат айтқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Ислам діні жақсы ойлауға тәрбиелейді. Ой тазалығы мұсылман үшін өте маңызды амалдың бірі. Өйткені, ой адам тағдырына әсер етеді. Асыл дініміз жақын бауырымыз, туысқанымыз, тіпті танымайтын бөгде адам туралы жақсы ойда болуға үйретеді. Ойы таза адамның тәні де таза болмақ. Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді:

«Уа, иман келтірген жандар! Тым күмәншіл болудан сақ болыңдар. Өйткені, кейбір күмәндар күнә болады. Бір-бірлеріңнің сыртынан жасырынып, аңдып, бақыламаңдар, бір-бірлеріңнің сыртынан ғайбат айтып, жамандамаңдар да. Өлген бауырларыңның етін жегенді қалайсыңдар ма? Әрине, ол – жиіркенішті нәрсе. Ендеше, Құдайдан қорқыңдар! Тәубеге келіп кешірім сұрағандарды Алла жақсы көреді. Ол – Рахымды» («Әл-Хужурат» сүресі, 12-аят). Хақ Тағала баршамызға ойымыз бен тәніміздің таза болуын нәсіп еткей» деді.

Уағыздан кейін Бас мүфти ел игілігі мен бірлігі үшін арнайы дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру