Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Индонезияға жұмыс сапары аясында Шығыс Ява аралының Губернаторы Холифа Индар Параванса ханыммен кездесті.
Кездесуде Губернатор Бас мүфтиге құрмет көрсетіп, Индонезиядағы қазіргі діни ахуалды баяндап өтті. Сондай-ақ елдің рухани дамудағы жетістіктерін сөз етті.
Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстандағы діни тұрақтылық, екі ел арасында соңғы жылдары қалыптасқан әріптестік байланыстың артқанын айтып, ортақ істе біріге жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
06.02.2023
2741
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру