Бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне бағдарлық баяндамасын жолдап, 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады.
«Біздің халық алдындағы басты міндетіміз – жұртымызды жақсылыққа үндеп, жамандықтан тосу, ізгі қоғам құруға қадам жасау. Осы жыл аясында қоғам игілігіне арналған бірқатар іс-шараларды атқару міндеті тұр. Біз үшін қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан дін қызметкерлері мұсылман қауымының бірлігін нығайтып, берекелі, ізгі қоғам орнатуға ықпал етуі тиіс» деді ҚМДБ Төрағасы.
Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді.
Айта кетейік, Төралқа мәжілісіне Діни басқарма қызметкерлері, облыстардың бас имамдары, медресе-колледж директорлары, имам-ұстаздар қатысуда.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
26.01.2023
5516
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру