Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігіне барған сапарында Жидда қаласында басталған қажылық және ұмра қызметтеріне арналған халықаралық көрмені арнайы аралап көрді.
Халықаралық көрмеге қажыларға заманауи үлгіде қызмет көрсетуге арналған ақпараттық технологиялар, тиімді көлік, кәсіби медициналық көмек, сапалы тамақ пен цифрлық қызмет түрлері, сонымен қатар қонақ үй индустриясын дамытуға арналған озық үлгідегі қажетті технологиялық құралдар қойылған.
Сондай-ақ көрмеде қажылардың танымы мен мәдениетін байытуға арналған қызмет түрлері де ұсынылған. Қажылық көрмесін аралаған Бас мүфти бастаған делегация мүшелері тиісті компания өкілдерімен келіссөздер жүргізді. ҚМДБ Төрағасы Қажылық миссиясына нақты тапсырмалар берді.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
10.01.2023
5989
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру