Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МЫСЫР ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.01.2023 2568 0 пікір
БАС МҮФТИ МЫСЫР ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Манал әл-Сайед Яхья әл-Шиннауи ханыммен кездесті.

Кездесуде екі елдің мәдени-рухани байланысын нығайту, Нұр-Мүбәрак университетінің діни кадр даярлау бағытындағы жұмысын жандандыру, Мысырда оқып жатқан қазақстандық студенттерді жан-жақты қолдау, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен әл-Азһар университеті арасындағы әріптестік қарым-қатынасты арттыру мәселелері талқыланды.

«Мысыр мемлекетімен діни-рухани байланысымыз өте жақсы. Әсіресе діни білім беру, имамдардың білімін жетілдіру бағытында үнемі қолдап келесіздер. Бұрын діни ілімге талпынған жастар, шәкірттеріміз әйгілі әл-Азһарда оқығысы келсе, бүгінде бұл университеттің білікті ұстаздары елімізге келіп қызмет қылуда. Нұр-Мүбарак университетінен бөлек, ашылғанына көп бола қоймаған «Хусамуддин ас-Сығанақи» институтында да мысырлық ұстаздар дәріс беріп бастады. Бұл – Алланың бізге берген сыйы, үлкен нығмет» деп атап өтті Бас мүфти.

Өз кезегінде Елші ханым екі мемлекет арасындағы рухани байланысты жетілдіре беретін айтып, Діни басқарманың игі шараларына қолдау көрсетуге әрдайым дайын екенін жеткізді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру