Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай өңіріне арнайы іссапары барысында «Марал Ишан» тарихи мешітінде жұма уағызын айтты.
ҚМДБ Төрағасы жергілікті жамағатты тарихи мешіттің қайта ашылуымен құттықтап, құлшылық үйінің маңызына арнайы тоқталды.
«Бабаларымыз «Азаны бар ауыл азбайды, бірлігі бар ел тозбайды» деп бекер айтпаған. Мешіт – рухани тәрбие мекені, жақсылықтың жаршысы, жүрек тыныштық табатын бірегей орын. Адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын да осы – мешіт. Қазіргі кезде қоғамда таралып жатқан түрлі күнәлі істер, жаман әдеттерден бізді имандылық қана құтқарады. Ал имандылық ордасы, тағы да – мешіт. Алла Тағала қайта жаңғырып, жамағатқа есігін қайта ашқан «Марал Ишан» мешітіне береке тілейміз. Жамағаты көп, жақсылығы мол болсын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы «Марал Ишан» мешітіне бас имам болып тағайындалған Бектұрсын Уәлиевті жамағатқа таныстырып, қызметіне береке тіледі. Жұма намаздан кейін Бас мүфти жамағатпен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
30.12.2022
3481
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру