Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ДІНИ ОҢАЛТУ САЛАСЫ МАМАНДАРЫН МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.12.2022 2884 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ДІНИ ОҢАЛТУ САЛАСЫ МАМАНДАРЫН МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған іссапарында діни оңалту саласының үздік мамандарын марапаттады.

«Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жеті бағыт бойынша нәтижелі жұмыс істеді. Астанада өткен мүфтияттың кеңейтілген төралқа мәжілісінде аталған бағыттар бойынша есеп берілді. Діни басқарманың осы жеті бағытының бірі – діни оңалту. Бұл бағыт бойынша Алматы қаласының дін қызметкерлері озық нәтиже көрсетті» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти Алматыдағы діни оңалту саласының 7 маманына алғыс хат пен қаржылай сыйақы берді. Сондай-ақ ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің Алматы қаласындағы жауапты өкілі Руслан Қайыргелдіні ҚМДБ-ның мерекелік медалімен марапаттады.

Айта кетейік, Руслан Қайыргелді биыл Президент Жарлығымен «Шапағат» медалімен наградталған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру