Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ Орталық Аппараты жиынында республикалық «Иман» журналының қызметкерлері марапатталды.
ҚМДБ Төрағасы «Иман» журналының жауапты хатшысы Кеулімжай Құтты мен техникалық редактор Асқар Байқоңырұлына Ақпарат және қоғамдық даму министрінің алғыс хатын табыстады.
Айта кетейік, биыл республикалық «Иман» журналының жарық көргеніне 20 жыл толды. Аталған марапаттар редакция қызметкерлеріне ұзақ жылдан бері діни журналистикаға қосқан ерен еңбегі үшін берілді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
20.12.2022
3274
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру