Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ МАРОККОНЫҢ ЖОҒАРЫ ҒЫЛЫМ КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.12.2022 2760 0 пікір
БАС МҮФТИ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ МАРОККОНЫҢ ЖОҒАРЫ ҒЫЛЫМ КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Мароккодағы жұмыс сапарының кестесіне сай осы елдегі Жоғары ғылым кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Ясифпен кездесіп, орталықтың жұмысымен танысты.

Ең алдымен доктор Мұхаммед Ясиф делегацияны қабылдап, ізгі ниетін жеткізді.

«Біздің елге оның ішінде ғалымдарымызға құрмет көрсетіп келіп жатқан делегацияға алғыс білдіремін. Орталық Мароккодағы пәтуа мәселелерімен айналсады. Жоғары ғылыми кеңестің құрамында 50-ге жуық адам бар. Кеңес Хассан ІІ патшаның кезінде құрылды қазір Король басқарады. Жоғарғы ғылыми кеңестің құрамына: Уақыптар және Ислам істері министрі, Король өзі тағайындайтын он бес үлкен ғалым, Жоғары ғылыми кеңестің Бас хатшысы, 30 кеңес мүшесі кіреді» деп ғылыми кеңестің мақсатын айқындап берді.

Толық құрамда өткен кездесуде сөз алған Бас мүфти елдегі діни ахуалға тоқталып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі атқарып жатқан жұмыстарын тілге тиек етті. Сондай-ақ мүфтияттың Шариғат және пәтуа бөлімімен байланыс орнату жөнінде ұсыныс айтып, діни өзекті мәселелерде ақылдасу жағын еске салды.

Діни тұрақтылықты сақтау мақсатында құрылған Жоғары ғылыми кеңестің Бас хатшысы кездесу кезінде ынтымақтастық орнатып, Қазақстаннан ғалымдардың арнайы келуін сұрады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру