Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

03 Ақпан 2023

12 Ражаб 1444 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

ҚМДБ МЕН МАРОККО КОРОЛЬДІГІНІҢ УАҚЫПТАР ЖӘНЕ ИСЛАМ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МИНИСТРЛІГІ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.12.2022 1579 0 пікір
ҚМДБ МЕН МАРОККО КОРОЛЬДІГІНІҢ УАҚЫПТАР ЖӘНЕ ИСЛАМ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МИНИСТРЛІГІ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Марокко астанасы Рабат қаласында аталған елдің Уақыптар және Ислам Істері жөніндегі министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасында Ислам ынтымақтастығы туралы меморандум жасалды.

Аталған келісімге қол қою рәсіміне Қазақстан тарапынан Діни басқарма Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Марокко Корольдігінің Уақыптар және Ислам Істері жөніндегі министрі Ахмад ат-Тауфиқ және БАҚ өкілдері қатысты.

Тараптар меморандум аясында екі елдің бауырластық қарым-қатынасын нығайтуға күш салып, сондай-ақ діни экстремизмге қарсы Ислам дінінің моральдық құндылықтарын сақтау қажеттілігіне орай бірнеше баптар бойынша келісімге келді.

«Осы меморандум аясында тараптар ұйымдастырылатын ислами конференциялар мен симпозиумдарға және жиындарға қатысу үшін шақырулармен алмасады, сондай-ақ халықаралық форумдарда Ислам мәселелері жөнінде ортақ мүддеге сай ұстанымдарын үйлестіреді. Экстремистік идеологияға тиімді қарсы тұру жолдары туралы ақпараттарды бөліседі, Марокко тарапы VI Мұхаммед атындағы Халықаралық Құран Кәрімді жатқа, мәнерлеп және тәжуидпен оқу мен тәпсірлеу байқауына Қазақстан Республикасының қариларын қатысу үшін шақыру жібереді.

Тараптар мешіттер тұрғызу және ислам ғимараттарын қорғау, сақтау бойынша осы саладағы арнайы мамандардың іс-сапарлары арқылы тәжірибе алмасады. Марокко тарапы арнайы мамандарды жіберу арқылы қазақстандық тараппен тәлімгер имамдар мен тәлімгер әйелдерді дайындаудағы тәжірибесін бөліседі» делінген меморандумда.

Аталған келісім аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстанда білім аламын деген Марокколықтар үшін Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіне 5 грант бөлетінін жеткізді.

Тараптар келісімге қол қойған соң жергілікті БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру