Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

25 Сәуір 2024

16 Шәууәл 1445 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МАРОККО КОРОЛЬДІГІНІҢ УАҚЫПТАР ЖӘНЕ ИСЛАМ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.12.2022 2489 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МАРОККО КОРОЛЬДІГІНІҢ УАҚЫПТАР ЖӘНЕ ИСЛАМ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Марокко Корольдігіне сапары барысында осы елдің Уақыптар және Ислам Істері жөніндегі министрі Ахмад ат-Тауфиқпен кездесті.

Министр ең алдымен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен осы елдегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәулекүл Сайлауқызын жылы қабылдап, атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып өтті. Сондай-ақ жақында ғана Қазақстанға барған сапары жөнінде әңгімеледі.

«Қазақ елін біз өзімізге жақын дос мемлекет ретінде қабылдаймыз. Мен Сіздің елде үш рет қонақ болдым. Өзіңізді Марокко жерінде көргеніме қуаныштымын. Ендігі мақсатымыз – Қазақстанмен рухани, діни бағытта терең байланыс орнатып, ортақ бағытта бірігіп жұмыс істеу. Келер жылы қазақ топырағынан шыққан ұстаз әл-Фараби мұрасын насихаттау мақсатында Марокко жерінде ғалымдардың қатысуымен симпозиум өткізу жоспарда бар. Қазақстаннан келіп білім алам деген студенттер үшін есігіміз ашық» деді министр.

Мәртебелі министрге қонақжайлылығы мен жылы қабылдауы үшін алғыс білдірген Бас мүфти екіжақты кездесуде айтылған бастамаларды оңынан қабылдады.

«Бүгін – тарихи күн. Қазір екі ел арасындағы діни бағыттағы қарым-қатынастың дамуына куә болып отырмыз. Алғашқы қадамды бірігіп жасадық. Менің Марокко Корольдігіне алғашқы сапарым ортақ мақсаттарымызға деген нақты қадам дер едім. Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Осы орайда Сіздің мұсылман елдермен қарым-қатынасыңызды жақсартудағы, оның ішінде Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты тереңдетуге деген ізгі ниетіңізді атап өткім келеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен өзімнің ризашылығымды тағы бір рет білдіріп, мәртебелі министр Сізге амандық пен есендік, сондай-ақ Марокко халқы барлық салада дами берсін деген тілегім бар» деп Бас мүфти Өзінің ізгі ниетін жеткізді.

Екіжақты кездесуден соң Наурызбай қажы Тағанұлы министр Ахмад ат-Тауфиқтың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру