Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ: ӘБСАТТАР ХАЗІРЕТ САЙЫН ДАЛАНЫҢ САҢЛАҚТАРЫН ТҮГЕНДЕДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.12.2022 2285 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ: ӘБСАТТАР ХАЗІРЕТ САЙЫН ДАЛАНЫҢ САҢЛАҚТАРЫН ТҮГЕНДЕДІ (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің 75 жылдығы мен мемлекеттік, қоғамдық және діни қызметінің 50 жылдығына арналған «Шығыстану және руханият мәселелері» тақырыбында басталған халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет Бас мүфти қызметін атқарумен қатар сайын даланың саңлақтарын түгендеп, ұмыт қалған ұлыларымызды тірілтті. Шетелдік сапарлары кезінде кітапханалар мен қолжазба қорларына арнайы барып, ұлы даламыздан шыққан ғалымдардың еңбектерін қазақ тілінде сөйлетті. Қазақ ислам дінін қабылдап қана қоймаған, ислам ғылымы мен мәдениетіне өзіндік үлесін қосқан халықтың бірі екенін дәлелдей білді. Яғни, Фарабилер мен Түркістанилер, Сығнақилар мен Таразилер, Сайрамилер мен Кердерилерді ғылыми айналымға енгізді» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру