Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ: БАСТЫ МІНДЕТ – РУХАНИ БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.11.2022 893 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ: БАСТЫ МІНДЕТ  – РУХАНИ БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУ (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Береке бастауы – бірлікте» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-танымдық конференцияда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«Қоғамды ізгілікке, жақсылыққа, әділеттілікке үндеудің маңызы ерекше. Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз өзінің «Қайырымды қала тұрғындары» трактатында: «Адам толығымен жетілуі үшін ол көптеген мәселелерге тәуелді болады. Себебі, ол барлық қажетті нәрселерді жалғыз өзі жасай алмайды әрі қол жеткізе алмайды. Қауым адамдары бір-біріне көмек көрсетуі арқылы ғана кемелдікке жетіп, тыныштығын сақтайды және үйлесімді өмір сүреді» дейді. Сондықтан бүгінгі таңда басты міндет – халықтың рухани бірлігін нығайту» деді ҚМДБ Төрағасы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру