Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕЛДІҢ БІРЛІГІНЕ ЕРЕКШЕ ҮЛЕС ҚОСУДА (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.11.2022 2268 0 пікір
ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕЛДІҢ БІРЛІГІНЕ ЕРЕКШЕ ҮЛЕС ҚОСУДА (ФОТО)

Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен республикалық ғылыми-танымдық конференцияға қатысқан осы оқу ордасының ректоры Жансейіт Түймебаев осылай деді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бүгін «Береке бастауы – бірлікте» тақырыбында маңызды шара ұйымдастырып отыр.  Қай істе, қай салада болсын әуелі бірлік керек. Соның ішінде елдіктің жолындағы бірлік – ол біздің басты ұстанымыз болуы тиіс. Бұл бағытта дін қызметкерлері ерекше еңбек етіп келеді. Бірлік пен ынтымақ – біздің баға жетпес байлығымыз. Қазіргі күрделі жағдайда бір үстел басында отырып, кез-келген қайшылықты бірге жеңу маңызды. Бүгінгі шара сол ізгі амалдың үлгісі деп білемін» деді ректор.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру