Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 24.11.2022 2154 0 пікір
БАС МҮФТИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Береке бастауы – бірлікте» тақырыбында өтіп жатқан республикалық ғылыми-танымдық конференцияда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасады.

«Құранда: «(Алла пайғамбарларын жіберу арқылы) жер бетін түзеп, жөнге келтіргеннен кейін, онда бүлік шығарып, бұзықтық жасамаңдар. Одан қорқып әрі мейірімінен үміт ете отырып дұға етіңдер. Шүбәсіз, Алланың рақымы ізгі жандарға өте жақын» («Ағраф» сүресі, 56-аят) дейді.

Расында халықтар арасындағы татулық адамдар арасындағы татулықтан, бауырластықтан басталады. Бауырластық жалпы адамзаттық туысқандыққа жол ашады. Ағаштың діңі мықты болмаса, бұтағы да әлсіз болмай ма? Олай болса алдымен көзі ашық азаматтар өзара тату болуы керек. Сонда ғана адамзат татулықтың туын биік ұстайды. Себебі парасатты адамдар аурудың емін өзгелерден артық біледі» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру