Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«МҰНАРА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЕЛОРДА ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

muslim.kz 23.11.2022 1849 0 пікір
«МҰНАРА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЕЛОРДА ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Астана қаласындағы «Сәдуақас Ғылмани» мешітінде өткен Елорда имамдарының жалпы жиналысынан соң Діни басқарманың төл телеарнасы «Мұнара ТВ»  директоры Еркін Шәкірұлымен кездесу өтті.

Жақында ғана телеарна басшысы болып тағайындалған Еркін Шәкірұлы елордалық имамдарға жұмыс бағытын баяндап, жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ әлеуметтік желі мен медиа саласындағы жаңалықтармен таныстырып, видео дәрістер мен уағыз барысында ескеретін жайттарды баяндап шықты.

Кездесу соңында Елорда имамдары телеарна басшысына түрлі сауалдар қойып, тұшымды жауапқа қанықты. Ағалық ақ тілектерін айтып, «Мұнара ТВ» телеарнасының дамуы үшін дұға жасады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру