Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАС МЕШІТТЕГІ МЕДИА ЗАЛДЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 17.11.2022 2864 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАС МЕШІТТЕГІ МЕДИА ЗАЛДЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Республикалық бас мешітте медиа зал ашылды. Игі іс-шараға Қазақсан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, мүфтият жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, мемлекет және қойғам қайраткерлері Өмірзақ Озғанбайұлы, Әділ Ахметов, Жабал Ерғалиев, Бақытжан Ертаев, Марат Тоқашбаев т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, қазір медиа саласы күн санап дамуда. Біз заман үдерісінен қалмай, өз мүмкіндігіміз аясында мүфтияттың медиа саласын дамытуға күш салып келеміз. Бұл медиа залда жастарға, жас отбасыларға, жалпы жамағатқа ғибратты бейне роликтер мен ата дінімізді, тарих пен салт-дәстүрімізді дәріптейтін фильмдер көрсетіледі» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мешіттегі медиа залдың ашылуына қатысқандар отбасы құндылығын насихаттайтын бейнероликті тамашалады.  

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру