Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДОСАЙ КЕНЖЕТАЙ: ДІНИ БАСҚАРМА ДІНИ САЛАДА ҚАЖЕТТІ ҚАДАМ ЖАСАУДА (ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.11.2022 3267 0 пікір
ДОСАЙ КЕНЖЕТАЙ: ДІНИ БАСҚАРМА ДІНИ САЛАДА ҚАЖЕТТІ ҚАДАМ ЖАСАУДА (ВИДЕО)

«Тарихтың үш қазығы бар: кеше, бүгін және болашақ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі діни жолымызды жаңғыртып, жұртымызға ихсан ілімін жан-жақты дәріптеуде. Бұл – бүгінгі таңда діни салада өте қажетті қадам. Біз Қожа Ахмет Яссауи мұрасын, жалпы Ислам құндылықтарын дәріптеу жолында бір-бірімізді қолдауымыз қажет. Осы бағытта ұйымдастырылған бүгінгі халықаралық конференцияның маңызы үлкен».

Бүгін белгілі яссауитанушы ғалым, профессор Досай Кенжетай Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Яссауи һәм ихсан ілімі» тақырыбында өткен  халықаралық ғылыми-танымдық конференцида осылай деді.

Айта кетсек, конференция жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Ибраһим Иномов (онлайн), Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Абибилла ажы Қыдырбердиев (онлайн), белгілі ғалым, профессор Досай Кенжетай, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәмшедин Керім, PhD доктор Мұхан Исахан т.б. ғалымдар мен имамдар, ал өзге аймақтардағы дін қызметкерлері онлайн режимде қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру