Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ШӘКІРТТЕРДІ ТЕРЕҢ БІЛІМ АЛУҒА ШАҚЫРДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.11.2022 2665 0 пікір
БАС МҮФТИ ШӘКІРТТЕРДІ ТЕРЕҢ БІЛІМ АЛУҒА ШАҚЫРДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Шымкент» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесіп, болашақ дін қызметкерлеріне насихат айтты. Кездесуде ҚМДБ Төрағасы шәкірттерді терең білім алуға шақырып, игі ниетін жеткізді.  

«Білім – амалдың негізі. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді білімсіз амалдың да еш пайдасы жоқ. Білім мен амал - бірін-бірі толықтырушы, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым. Алла Тағаланы тану, Оның ризалығына жету жолына түскен адам терең білім алуға тырысады. Жаратушы Иеміз Құранда: «Алла сендердің араларыңнан иман келтіргендер мен білім иелерін жоғары дәрежелерге көтереді» («Мүжәдәлә» сүресі, 11-аят) деп баяндайды. Біз бұл аяттан Алла Тағала білімді адамның дәрежесін екі дүниеде көтеріп қоятынын түсінеміз. Құдайға шүкір, қазір білім алуға мүмкіндік көп. Ендеше, алтын уақыттарыңызды терең білім алуға арнасаңыздар өмірде көптеген игілікке кенелесіздер» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, бүгінде «Шымкент» медресе-колледжінде 400-ден астам шәкірт тәлім алуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру