Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айына

Күн
Сағат
Минут
Секунд

қалды

Қазір

04 Наурыз 2024

23 Шағбан 1445 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.11.2022 2941 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына барған жұмыс сапарында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне дәріс оқыды.

Алдымен университет ректоры Гүлжан Дәулетбекқызы оқу ордасының тарихы мен бүгінгі жұмысымен таныстырды.  

Студенттермен кездесуде Бас мүфти: «Асыл – тастан, ақыл – жастан» дегендей, қай қоғамда да жастар жаңаруға, жақсаруға ұмтылып, негізгі қозғаушы күшке айналған. Асыл дініміз Ислам жастарға ерекше маңыз береді. Мысалы, Құран Кәрімдегі «Кәһф» сүресінде иманын сақтап, үңгірге жасырынған жастардың оқиғасы баяндалады. «Олар иман келтірген жастар еді» деп сипатталады. Сол жастардың оқиғасы кейінгі толқындарға үлгі ретінде көрсетілді. Жиырмасыншы ғасырдың бас шенінде ерекше белсенділігімен тарих сахнасына шыққан қазақ зиялыларының да басым бөлігі жастар болатын. Сондықтан жас кезімізді жақсы істерге арнап, білім алуға талпынуымыз тиіс» деді.

Университет ректоры Гүлжан Дәулетбекқызы студенттерге ғибратты дәріс оқыған Бас мүфтиге алғыс білдірді.

Айта кетсек, бүгінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 7 факультетінде 7 мыңнан астам студент білім алуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру