Астана төрінде өткен «Үмметін сүйген Мұхаммед» атты Мәуліт кешінде ҚМДБ Астана өкілдігінің ұйымдастыруымен бірқатар тұрғындарға «Мәуліт сыйы» берілді. Олардың қатарында «Мешіт құсы» атанып кеткен Сансызбай Төкенұлы да бар.
Рухани кеште ақсақалға тосынсыйды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының өзі табыстап, ұмра қажылығына жолдама алуымен құттықтады.
Айта кетейік, Сансызбай Төкенұлы – елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрақты жамағаты, ел арасында «Мешіт құсы» атанып кеткен ақсақал.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
29.10.2022
3784
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру