ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапары барысында Ислам энциклопедиясын құрастырушы ғалымдармен кездесті.
Кездесу барысында Бас мүфти «MUFTIYAT» баспасынан шығатын Ислам энциклопедиясының мазмұнымен танысты. ҚМДБ Төрағасы ғалымдар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді тыңдап, игі жобаны уақытында бітіру, яғни жарыққа шығару мерзімін кешіктірмеу қажеттігіне назар аударды.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ислам ғылымын дамытуға ерекше назар аударып, сол бағытта бірнеше жобаларды қолға алды. Алдағы уақытта хақ исламды насихаттау, ата дәстүр мен дін сабақтастығын дәріптеу жолында ғылыми еңбектерді шығаруға басымдық береміз» деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
26.10.2022
4573
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру