ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әзербайжандағы жұмыс сапары аясында бірқатар кездесулер өткізді. Ең алдымен Кавказ мұсылмандарының төрағасы, шейхуль Ислам Аллашүкір Паша-Задемен жүздесті.
Бас мүфти ең алдымен Түркі мемлекеттерінің мұсылман дін басшыларын Әзербайжан жеріне жинап, үлкен жиын өткізіп, бастамаға қолдау білдіргені үшін Аллашүкір Паша-Задеге алғысын білдірді. Осы сапар аясында Физули, Шуша қалаларына бірге жасаған зияратқа ризашылығын білдіріп, Кеңес жұмысының алдағы жоспары талқыланды.
Кездесу соңында Наурызбай қажы Тағанұлы ілтипат көрсетіп, Аллашүкір Паша-Задеге кәдесый табыстап, екі елдің бауырластығы жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру