Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДАДА «HALAL EXPO-2022» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.10.2022 6472 0 пікір
ЕЛОРДАДА «HALAL EXPO-2022» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

19-20 қазан күндері елордасы Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен халықаралық «HALAL EXPO-2022» көрмесі өтеді. 

Халықаралық көрмеде «QMDB Halal» сертификатын алған отандық және шетелдік кәсіпорындар өз өнімдері мен қызметін ұсынады. Бұл – халал индустриясындағы ең үздік көрме. Келушілердің халал өнімдердің түрлі ассортиментімен таныс болып, аталмыш өнімдерді тікелей өндірушіден нарықтық бағадан төмен алуға мүмкіндігі бар.

Ауқымды іс-шара елордадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді. Толық ақпаратты + 7 702 273 7518 (Данияр Сафиев) нөміріне хабарласып біле аласыз. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру