Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 11.10.2022 2686 0 пікір
БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облысына барған сапарында өңір имамдарымен кездесті.

Басқосуда Бас мүфти: «Сіздерді жаңа Алматы облысының қайта құрылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл қалаға қазақ халқының біртуар тұлғасы Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуі жұртымыздың жүрегіне қуаныш ұялатты. Бұл шешім діни салаға да үлкен серпін берді. Қонаев қаласынан Діни басқарманың өкілдігін аштық. Ендігі мақсат – бір үйдің баласындай бірлігімізді көрсетіп, ел игілігі үшін қызмет ету. Сіздерді сауапты да жауапты қызметте белсенді болуға шақырамын» деді.

Басқосу соңында Бас мүфти еліміз бен жеріміздің игілігі мен берекесі үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру