Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

КӨПБАЛАЛЫ, ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА 597-БАСПАНА БҰЙЫРДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 11.10.2022 2538 0 пікір
КӨПБАЛАЛЫ, ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА 597-БАСПАНА БҰЙЫРДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облысына барған сапарында Қонаев қаласында «Жүрек жылуы» қайырымдылық іс-шарасына қатысып, көпбалалы, жалғызбасты Бибіназ Шамұратоваға пәтер кілтін табыстады.

«Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен, демеушілердің көмегімен алынған үйдің кілтін табыстау салтанатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Біз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген аталы сөзді өмірлік ұстанымға айналдырған халықпыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күнделікті жұмысында жеті бағытқа басымдық береді. Соның бірі – уақып және қайырымдылық бағыты. Біз қашан да өз мүмкіндіктеріміз аясында азаматтарымызға көмек беруге дайынбыз. Жаңа баспанаңыз құтты болсын. Іші жанға, сырты малға толып, берекелі үйлердің бірі болғай. Әмин!» деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру