Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 07.10.2022 4440 0 пікір
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қарағанды облысының бас имамы тағайындалды.

Наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа бас имамды таныстырып, ҚМДБ Төрағасының бұйрығын оқып берді. Жауапты қызметке бұған дейін Теміртау қаласының бас имамы болған Естай Әбдіғалиев тағайындалып отыр.

Ал Қарағанды өңірінде он жылға жуық бас имам қызметін атқарған Өмірзақ қажы Қазкенұлына құрмет көрсетіліп, иығына қазақы дәстүрмен шапан жабылды. Сондай-ақ наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы дін саласының ардагерін ҚМДБ Төрағасының алғыс хатымен марапаттап, ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, бас имамдыққа жаңадан тағайындалған Естай Әбдіғалиев дін жолындағы қызметін Қарағанды облысының ауылдық мешіттерінде ұстаздықтан бастап, Астана қаласының «Ырыскелді қажы» және республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, 2020 жылдан бері Теміртау қаласының бас имамы қызметтерін атқарды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру